Ekibastuz, 54А Energetikov St.
Академик Қ.Сәтбаев Атындағы Екібастұз инженерлік-техниқалық институты
Ekibastuz technical and engineering institute named after the academician K.Satpayev
Институттың миссиясы

АКАДЕМИК К.САТПАЕВ АТЫНДАҒЫ ЕКІБАСТҰЗДЫҚ ИНЖЕНЕРЛІК – ТЕХНИКАЛЫҚ ИНСТИТУТЫ

       2005 жылдың сонау ақпан айында «Дүркін экономикалық, әлеуметтік және саяси жахандануға жету жолдарында» Халыққа арналған жолдауында Қазақстан Республикасының Президенті, Ұлт Көшбасшысы Н.А. Назарбаев техникалық білімді дамытудың ерекше маңыздылығын баса айтып өтті: « ... шетелден кадрларды тартуға мәжбүр болғандықтан, ең алдымен біз үлкен жетіспеушілікті сезінетін техникалық мамандықтарды дамытуымыз қажет».

     Мақсаттар: жаһандық сын-қатерлерге серпінді әрекет ететін, таңдалған кәсіптік қызметінің саласында көшбасшы бола алатын жоғары білімді, бәсекелесе алатын, құзіретті кәсіптік кадрларды даярлау. Академик Қ. Сәтбаев атындағы ЕИТИ ғылыми-техникалық орталығы және ЕОЭӨ кадрлық жаңғыртуы ретінде құру.

     Осы миссияға жетуге атсалысатын негізгі құралдары мыналар: оқу барысына қазіргі заманауиоқыту әдістерді енгізу; ғылыми зерттеулер және бизнес әкімшілігінің әртүрлі салаларын зерттеу; инноваицяларды, ғылыми-зерттеу өңдеулер мен әдістемелерді тәжірибеде қолдану.  

     Мақсаттар:

  • сапалы жоғары кәсіптік білімді алуда тұлғаның, қоғамның, мемлекеттің мүдделерін қанағаттандыру, әрбір білім алушысына оқудың мазмұнын, нысанын және мерзімдерін кең ауқымда таңдауға мүмкіндіктер беру;
  • түлектерді өмірге, жұмысқа және көшбасшылыққа дайындау.

     Талаптар:

  • білім беру қызметінің сапасын қамтамасыз ету және зияткерлік әуестікті, бүкіл өмір бойы білім алуды өсіру, үстемдікке талпыну, адам әлеуетінің, кәсіби машықтарының дамуы және бірлестікті рухани тәртіпке шақыру;
  • білім берудің негізінде құрылған жоғары білікті кадрлерін дайындайтын үш деңгейлі жүйесіне өтуін қамтамасыз ету;
  • студенттердің білім беру барысындағы демократияландыру арқылы сапалы білім беру қызметін алуға мотивацияларының күшеюі;
  • оқыту барысындағы оқу технологиясын ұйымдастыруды әбден жетілдіру, осының бәрін білім алушылар мен жұмыс берушілердің мүдделеріне байланыстыру;
  • профессорлық-оқытушылық құрам мен институт басқармасының сапалы білім беру қызметін көрсетудегі  жауапкершілігін анықтайтын механизмдердің өңделуі және енгізілуі;
  • оқу әдістерінің  инновациялық өңделуі мен енгізілуі;
  • зерттеу, білім беру қызметін көрсетудің, студенттер мен оқытушылар бейімделгішінің бағаларын талдау, сонымен қатар оларды жақсарту жұмыстарын жүргізу үшін мониторинг жүйесін (қызметін) құру;
  • институтта бірыңғай ақпараттық торын құрастыру және оқу тәртібіне, сондай-ақ жоо басқаруына  ақпараттық-қатынас технологияларын енгізу;
  • білім беру және ғылым саласында инновациялық қызметті және халықаралық ынтымақтастықты дамыту;
  • материалды-техникалық, кітапхана және ақпараттық ресурстары дамыту;
  • еліміздің отын-энергетикалық кешені мен кен-тау және металлургия саласының ғылым мен технологияның басым бағыттары бойынша халықаралық оқу-ғылыми орталығын құру;
  • тұлғалық дамуға және білім алушылардың тәрбиесіне арналған жағдайларын құру;
  • институциялық және арнайы аккредиттеудің өлшемдері мен стандарттардың енгізілуі.

[1]Ак.Қ.И.Сәтбаев атындағы ЕИТИ ұжымының талқылауынан миссия өткізілді және Ғылыми Кеңес мәжілісінде 2011 ж. ақпанында бекітілді (№6 хаттама Ғылыми Кеңес мәжілісі 26.01. 2011). Соңғы түзетілуі 30.03.2016.