Ekibastuz, 54А Energetikov St.
Академик Қ.Сәтбаев Атындағы Екібастұз инженерлік-техниқалық институты
Ekibastuz technical and engineering institute named after the academician K.Satpayev
Жолсілтеме анықтамасы

АКАДЕМИК Қ. САТБАЕВ АТЫНДАҒЫ ЕКІБАСТҰЗДЫҚ ИНЖЕНЕРЛІК-ТЕХНИКАЛЫҚ ИНСТИТУТЫ

 

 

 

 

 

 

 

СТУДЕНТТІҢ ЖОЛСІЛТЕМЕ АНЫҚТАМАЛЫҒЫ

Екібастұз 2016

 

 

Ғылым кеңесі отырысында бекітілген

Академик Қ. Сәтбаев атындағы ЕИТИ

25 мамырдың 2014 ж. бастап № 14

Осы басылым академик Қ. Сәтбаев атындағы Екібастұздық инженерлік-техникалық институтының білім алушыларға арналған студенттік өмірде мағлұматнама мен жолсілтегіш болып табылады. Жолсілтеме анықтамалығы сізге институттың құрылымы, орналасқан жері, кредиттік оқыту технологиясын ұйымдастыру жөнінде ережелері, студенттердің ұтқырлығы туралы акпарат береді. «Академик Қ. Сәтбаев атындагы студенттердің жолсілтеме анықтамалығы» біздің институтта бейімделу барысында сіздің сенімді көмекшіңіз болатынына сенімдіміз.

 

 

 

 

 

 

 

 

МАЗМҰНЫ

     Кіріспе

                                                                   бет

1

Анықтамалық ақпарат

5

1.1

Академик Қ. Сәтбаев атындағы ЕИТИ құрылымдық бөлімшелері

5

1.2

Академик Қ. Сәтбаев атындағы ЕИТИ оқу бөлімшелері

6

2.

Институттың құрылу тарихы

6

3

Кодекс

8

4

Компьютерлік ресурстарды пайдалану

10

5

Кітапхана

12

5.1

Кітапхананы пайдалану ережесі

12

5.2

Оқу залын пайдалану ережесі

13

6

Академик Қ. Сәтбаев атындағы ЕИТИ оқу ерекшеліктері

13

6.1

Кредиттік оқыту технологиясы туралы

13

6.2

Кеңсе тіркеуші

14

6.3

Элективті пәндерді тіркеу

14

6.4

Сіздің тәлімгеріңіз, кураторыңыз және эдвайзеріңіз

15

6.5

Білім алушылардың өзіндік жұмысы

16

6.6

Білімді бақылау және бағалау қалай жүзеге асады?

17

6.7

Сіздің біліміңізді бағалау өлшемдері

18

6.8

Жазғы семестр не үшін керек және одан қалай алшақ болукерек

19

6.9

Екінші жылға қалмау үшін не істеу қажет

20

6.10

Мемлекеттік емтихан және қызыл диплом туралы

20

6.11

Институттан не үшін шығарып тастау мүмкін

20

6.12

Қандай жағдайларда мемлекеттік гранттан айырылып қалуыңыз мүмкін

21

6.13

Қандай жағдайда академиялық демалыс алуыңызға болады

21

6.14

Қандай жағдайда шәкіртақы тағайындалады

21

6.15

Оқуға ауысу және қайта қабылдау тәртібі

21

7

Ішкі гранттарды, жеңілдіктерді беру және академик Қ. Сәтбаев ат. ЕИТИ білім алушыларға әлеуметтік қызмет көрсету

23

7.1

Ішкі гранттарды, жеңілдіктерді берудің және әлеуметтік қызмет көрсетудің тәртібі

23

7.2

Институттың ішкі гранттарының және жеңілдіктердің тізімі

24

7.3

Институттың ішкі гранттарын, жеңілдіктерін беру және әлеуметтік қызмет көрсетудің негізгі шарттары

24

7.3.1

Бакалавриат бойынша

24

7.4

Институттың құқықтары мен міндеттері  

25

7.5

Институттың ішкі гранттар иелерінің міндеттері

25

7.6

Институттың ішкі гранттарын, жеңілдіктерін және әлеуметтік көмек көрсетуді алуға басым құқықты анықтайтын өлшемдер

26

7.7

Үміткердің әлеуметтік мәртебесін дәлелдейтін құжаттар

26

7.8

Осы Ережеге толықтырулар мен өзгертулерді енгізу

27

8

Академик Қ. Сәтбаев атындағы ЕИТИ студенттерінің құқығы мен міндеттері

27

9

Өзіңді қалай ұстау керек

28

 

Студенттерге тілек

29

       

 

 

 

 

 

К І Р І С П Е

Академик Қ. Сәтбаев атындағы ЕИТИ құрметті студенттері!

Жолсілтеме анықтамалығы - бұл институттың ішкі тәртібі, білім барысының ұйымдастырушылык және тәртіптік нормалары туралы қысқаша мәлімет беретін ақпараттық дерекнама. Сіз бұл жерден академик Қ. Сәтбаев атындағы ЕИТИ оқу кезінде өзіңіздің құқығыңыз бен міндеттеріңіз, жүріс-тұрыс ережелерін таба аласыз. Жолсілтеме анықтамалығында сізге институттың жастар және спорт ұйымдары туралы ақпарат берілген және де бұл жерден оқу барысы кезінде пайда болатын, сондай-ақ әлеуметтік колдау мәселелері жөнінде сұрактарға жауап табасыз.

Анықтамалықта ҚР МЖМБС, кредиттік оқыту технологиясы мен халықаралық білім беру стандарттарына сәйкес академик Қ. Сәтбаев атындағы ЕИТИ білімін бағалау және кредиттік оқыту технологиясы туралы ақпарат берілген. Сіз қандай жағдайда халықаралық білім беру гранттар байқауына катысуға, ЕИТИ қызметтес шетел жоғары оқу орындарында тәжірибеден өтуге және оқуға болатындығы туралы біле аласыз.

Бірінші курс студенттері институт, өзінің факультеті туралы алғашқы ақпаратты 1 қыркүйек «Білім күні» алады. Әрі қарай сізге жолсілтеме анықтамалығы көмектеседі. Өтініштер үлгілері (аралық аттестациялауды мерзімінен бұрын тапсыру, оқу төлемақысының мерзімін ұзарту және т.б. туралы) сіздің факультетіңіздің деканатында бар. Барлық пайда болған мәселелерді сіз өз тобыңыздың старостасы, кураторы, топ эдвайзермен бірге шешуіңіз қажет.

Егерде сізге көмек көрсете алмаса, онда өтінішіңізбен факультет деканына барасыз. Декан сізге өз өкілеттігі шамасында мәселеңізді шешеді. Ендігі бір сіздің өтінішпен бара алатын соңғы инстанцияңыз, ол - академик Қ. Сәтбаев атындағы ЕИТИ ректоры. Ректорға жеке мәселелерді шешу үшін сәрсенбі, жұма күндері, сағ. 15.00-ден 17.00-ге дейін кіруге болады немесе оның блогына жазуға болады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1       АНЫҚТАМАЛЫҚ АҚПАРАТ

1.1 Академик Қ. Сәтбаев атындағы ЕИТИ құрылымдық бөлімшелері

Лауазымы

А.Ж.

Телефон

Орналасқан жері

ЕИТИ Президенті

Марденова Дина Нұртазы қызы

115

№ 121 корп. А

Вице-президент

Марденова Лаура Марат қызы

116

№ 116 корп. А

Ректор, Ғылым Кеңесінің төрағасы

Техн.ғыл.докторы,профессор Ұнайбаев Болат Жарылғап ұлы

76-12-86

104

№5 корп. С

Оқу-әдістемелік жұмыс бойынша проректор

Техн.ғыл.кандидаты, профессор Тұрсынов Мейрам Жумабек ұлы

105

№ 20 корп. А

Ғылым жұмыс және халықаралық байланыстар бойынша проректор

Техн.ғыл.кандидаты,профессор

Қамбаров Жарылқасын

128

№ 4 корп. С

Тәрбие жұмыс бойынша проректор

Профессор, Муксинов Мақсад Бек ұлы

110

№ 118 корп. А

Әкімшілік-шаруашылық бөлімі бойынша проректор

Жекібаева Гүлбану Темірболат қызы

135

№ 26 корп. А

Инженерлік-экономикалық факультеттің деканы

Техн.ғыл.кандидаты,профессор

Тұрсынов Нұрбек Жұмабек ұлы

126

№ 23 корп. А

Кәсіби бағдар және іріктеу орталығының жетекшісі

Мажит Әлия Аманжол қызы

№ 131

№ 109 корп. А

Диспетчер

Үрімбетова Салтанат Назар қызы

119

№ 106 корп. А

Факультет әдісткері

Асылова Қарлығаш Баймұқан қызы

76-13-00

126

№ 23 корп. А

Факультет әдісткері

Нұрмағанбетова Бақыт Назарбек қызы

№ 108,127

№ 23а корп. А

Кеңсе-Тіркеушісі

Мұқанова Мадина Құдайберген қызы

№ 108,127

№ 23а корп. А

Кеңсе-Тіркеушісі

Нәбиева Марал Ермек қызы

№ 108,127

№ 23а корп. А

Оқу бөлімінің бастығы

Қадырбекова Қапура Қадырбек қызы

119

№ 106 корп. А

Оқу бөлімінің диспетчері

Үрімбетова Салтанат Назар қызы

119

№ 106 корп. А

Оқу бөлімінің инспекторы

Ермұханова Рсалды Қабдыбек қызы

125

№ 107 корп. А

Кадрлар бөлімінің бастығы

Шаймарданова                             Гүльбаршын Қабдұлла қызы

118

№ 104,105 корп. А

Кітапхана меңгерушісі

Мухамеджанова ЛәззатСұлтанғали қызы

134

№ 10 корп. С

Бас есепші

Радчук Татьяна Николавна

117

№ 117 корп. А

Кассир

Куликова Рута Ивановна

116

№ 116 корп. А

Медбике

Маханько Людмила Петровна

115

№ 121 корп. А

ЕО бастығы

Техн.ғыл.кандидаты,профессор

Пак Виталий Геннадьевич

№ 106

№ 25 корп. А

Кеңсе меңгерушісі

Шорманова Әлия Назир қызы

№ 101

№ 5 корп. С

Мемлекеттік тілдің аудармашысы

Лекерова Меруерт Мұхтар қызы

№ 134

№ 9 корп. С

1.2 Академик Қ. Сәтбаев атындағы ЕИТИ оқу бөлімшелері

Бөлімше

А.Ж.

Телефон

Орналасқан жері

Әлеуметтік гуманитарлық пәндер және дене шынықтыру кафедрасы

Фил.ғыл.докторы, профессор Кебина Наталья Анатольевна

№ 138

№ 41 корп. А

№ 121

з.а. ғАЛыМОВ АТ. экономикажәне менеджмент КАФЕДРАСЫ

Эконом.ғыл.кандидаты, профессор Рахишева Аида Бекарыс қызы

№ 137

№ 49а корп. А

ПҚКИ кафедрасы

Техн.ғыл.кандидаты, доцент

Қайназаров Арман Серік ұлы

№ 112

№ 201 корп. Б

Көлік кафедрасы

Техн.ғыл.кандидаты,профессор

Нұспеков Ерболат Ләззат ұлы

№ 113

№211 корп. Б

 

Құрылыс кафедрасы

Техн.ғыл.кандидаты, доцент

Ұнайбаев Болат Болат ұлы

№139

№ 133 корп. Б

Энергетика және металлургия кафедрасы

Техн.ғыл.кандидаты, доцент

Ичева Юлианна Борисовна

№ 114

№ 212 корп. Б

Автоматтандыру және ақпараттық жүйелер кафедрасы

Хим.ғыл.кандидаты,профессор

Пак Виталий Геннадьевич

№ 106

№ 25 корп. А

 

 

2 ИНСТИТУТТЫҢ ҚҰРЫЛУ ТАРИХЫ

Академик Қ. Сәтбаев атындағы Екібастұз инженерлік-техникалық институты (одан әрі академик Қ. Сәтбаев атындағы ЕИТИ) 1994 жылы Екібастұз қаласының өнеркәсіптік жетекшілері мен қалалық әкімшіліктің бастамасы бойынша 150 мың адам тұрғынымен Екібастұз отын-энергетикалық кешеннің кәсіпорындарына инженерлік мамандардың жетістпеушілігіне байланысты кұрылды.

1996 жылдан бастап ЕИТИ Білім беру мекемесінің Ассоциация мүшесі, ал 1999 жылдан бастап ҚР жоғары оқу орындары Ассоциоция мүшесі болды.

1997-98 жылдары института «TEMPUS TAC1S» бағдарламасы бойынша неміс профакадемиялар мысалында дуальды оқыту жүйесінің технологиясы дәлелденді, Еуропадан мың жарымнан астам оқу әдебиеттері алынды.

1998 жылы ҚР Азаматтық кодексіне сәйкес «Академик Қ. Сәтбаев атындағы Екібастұз инженерлік-техникалық институты» ЖШС «Академик Қ. Сәтбаев атындағы Екібастұз инженерлік-техникалык институты» білім беру мекемесі болып қайта құрылды, 1998 жылғы 14 шілдесінен № 5172-1945 У-е мемлекеттік тіркеу туралы куәлігі, Жарғы капиталының 100% үлесі бар жеке тұлға Марденов Марат Пазыл ұлы институт басқарушысы болды.

Институт 2000, 2005, 2013 жылдары мемлекеттік аттестациялаудан, 2007, 2008, 2009, 2010. 2011, 2012 жылдары жоспарлы мемлекеттік бакылаудан, ал 2013 жылы ОЖСБ сәтті өтті (оқу жетістіктерді сырттай бағалау).

Қазіргі уақытта институтта 83 штаттық оқытушылар, оның ішінде 4 ғылым докторлар, 37 ғылым кандидаттар, 11 ғылым магистрлері жұмыс істейді. 14 мамандық бойынша күндізгі, сырттай және кешкі оку түрінде 1145 студенттер оқиды.

Институттың 5 корпусы бар, аумағы 11622 ш.м., қазіргі жабдыктармен жабдыкталган 48 мамандандырылған оқу сыныптары, 28 оқу және 3 ғылыми зертханалары бар. Акт залы (150 орын) және интерактивтік окыту технология құралдарымен (интерактивтік тақта, проектор, теледидар және т.б.) жабдықталған конференц-зал (150 орын). Жалпы көлемі 757,0 ш.м. спорт залы, 150 орынға арналған асханасы, 50 орынға есептелген кафесі, медициналык орталығы бар.

2004-2005 оку жылында институтта барлық мамандықтар мен оку түрлеріне білім алушылардың өзін-өзі дамытуды қамтамасыз ететін кредиттік оқыту технологиясы енгізіліп, қазір үнемі жетілдірілуде. Орта және жоғары техникалық білім негізінде қысқартылған оқу түрі бойынша жұмыс істеуші жастарға 2010 жылдан бастап дуальды оқыту жүйесі енгізілді. Оқу мемлекеттік және орыс тілдерінде жүргізіледі.

Институтта ПЛАТОН автоматтандырылған жүйесі жұмыс істейді, ол білім алушылардың аралық қорытынды аттестациялау мен диплом беру барысының адал өтуін қамтамасыз етеді.

207 компьютер бірыңғай ақпараттық желіге және 137 компьютер ИНТЕРНЕТКЕқосылған. Институттың білім беру порталы жұмыс істейді.

2008 жылы Тәуелсіз Қазақстан Агенттігі рейтингісіне сәйкес ЕИТИ еліміздің техникалық жоо ішінде 11 орынға ие болды.

ЕИТИ мамандарды даярлау академиялық көрсеткіші бойынша Қазақстанның техникалық жоо ішінде 15 орынға ие (Қазақстанның Ұлттық рейтингісі www.nac.kz).

2010 жылы Ұлыбританияның Оксфорд қаласында ЕИТИ «EUROPEАN QUAL1TY» халықаралық марапаты (Еуропалық сапа) табыс етілді. Осы жылы институт президенті, профессор Марденов М.П. Мәскеуқаласында «Ұлттар парасаты» кұрметті халықаралық марапатымен марапатталды.

ЕИТИ 4 оқытушысы әртүрлі жылдар кезінде «ЖОО үздік оқытушысы» мемлекеттік грантымен марапатталды.

2014 жылы ҚР БҒМ ұлттық тестілеу орталығыменөткізілген бакалавриат мамандықтарының ҚР жоғары оқу орындарының арасында білім беру бағдарламасын реттеу нәтижелері ЕИТИ мамандықтары бойынша келесідей сандар берілген:

5ВО 12000 Кәсіптік оқыту - 11орын (218,51 балл);

5В070200 Автоматтандыру және баскару - 8 орын (200,78 балл);

5В070700 Тау-кен ісі - 3 орын (542,88 балл);

5В07130 Көлік, көлік техникасы мен технологиясы -4 орын (303,55 балл);

5В071700 Жылуэнергетикасы - 6 орын (291,39 балл);

5В07180 Электр энергетика - 6 орын (258,47);

5В072900 Құрылыс - 9 орын (167,02 балл).

Мекен-жайы:

Қазақстан Республикасы, Павлодар облысы, 141208 Екібастұз каласы,

Энергетиктер к-сі,54 «а».Байланыс телефоны: 8(7187) 33-35-03, 33-38-03.

Факс 33-35-03, e-mail: Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.">Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра., eitiedu.kz.

3 ИНСТИТУТ СТУДЕНТТЕРІ МЕН ОҚЫТУШЫЛАРДЫҢ АР-НАМЫС КОДЕКСІ

Қазақстан Республикасының жоғарғы оқу орындарының оқытушылары мен білімгерлер қоғамдастығы, жоғары білім беру жүйесінің басты мақсаты: мамандығын жетік меңгерген, жаңашыл ойлауға қабілетті, ой-өріс мүмкіндерін игерген, кәсіби және мәдени бағытталған түлғаны дайындауды іске асыруда өз жауапкершілігін сезіне отырып және бірлесіп басқару қағидаларын дамьггу мен нығайтуды өзінің парызы деп санап, Қазақстан Республикасының жоғарғы оқу орындары оқытушылары мен студенттердің Ар-намыс Кодексін қабылдайды және оған сөзсіз бағынуды өз міндеттеріне алады.

Студенттің Ар-намыс Кодексі

Студент өз бойындағы жеке шығармашылық қабілеттерін дамытып, өзі таңдаған мамандығының кәсіби шебері болуға, Қазақстан Республикасына лайықты азаматы болуға ұмтылады.

Студент үлкендерге құрметпен қарайды, өз ортасына қарым-қатынас кезінде дөрекілік танытпайды және әлеуметтік қорғалмаған адамдарға жанашырлық көрсетіп, мүмкіндігінше қамқор болады.

Студент парасатгылықтың, мәдениет пен адамгершіліктің үлгісі, әдепсіздікке және жыныстық, үлттық, діни бөлулермен шектеулерге жол бермейді.

Студент салауатты өмір салтын ұстанып, зиянды әдептерден аулақ болады.

Студент жоғарғы оқу орнының дәстүрлерін кұрметтейді, оның мүліктерін қорғап, студенттер Үйінің тәртібі мен тазалығын қадағалайды.

Студент жоғарғы оқу орнының атағы мен мәдениетін көтеруде шығармашылық белсенділіктерін дамытуға бағытталған (ғылыми, спорт, көркемөнер т.с.с.) барлық қажетгі және пайдалы іс-әрекеттерді мойындайды.

Студент жоғарғы оқу орнының қабырғасынан тыс уақытга, өзінің жоғарғы мектептің өкілі екенін есте ұстап, оның намысы мен жетістіктерін түсірмеуге барлық күшін жұмсайды.

Студент академиялық ықылассыз іс-әрекет түрлерімен күресуді өзінің парызы деп санайды, олардың қатарында: білімді бақылау кезінде басқа адамдардан көшіру және көмек сұрау; көлеміне қарамастан барлық дайын оқу материалдары: мәнжазбалар, курстық жұмыстар, бақылаулар, дипломдық және басқа да жұмыстарды, сонымен қатар, өзінің жеке еңбегінің нәтижесі ретінде Интернет-ресурстарын дайындау; жоғары баға алу үшін өзінің туыстық немесе қызметгік байланыстарын қолдану; сабақ кезінде серуендеу, сабақтанан кешігу және себепсіз оқу сағаттарын босату.

Студент болашақта Қазақстанның экономикалық, саяси және басқарушылық элитасына лайық сапалы және бәсекеге қабілетті білім алуда, жоғарыда айтылған барлық академиялық ықылассыз іс-әрекеттер үйлесімділік танытпайды деп санайды.

Оқытушының ар-намыс кодексі

Оқытушылық қызметтің басты бағыты - білімгерлермен жұмыс жасау, олардың білімділігі мен мәдениеттілігіне қамқор болу, өз Отанының шынайы патриоты болуға тәрбиелеу.

Оқытушы педагогикалық шеберлігі мен өзінің теориялық білімін үнемі жетілдіріп отыратын кәсіби маман болуы тиіс, білім жолындағы ізденісі негізінде ғылыми-зерттеу жұмыстарын белсенді жүргізіп, нәтижелерді хабарлауда дәлелелдемелермен қамтып, пікір алысу барысында бейтараптылық танытуы қажет.

Оқытушы - ұқыптылық пен парасаттылықтың, имандылық пен өнегеліліктің белгісі, Қазақстанның мемлекеттілігінің белсенді насихаттаушысы, жемқорлықтың, жауапкершіліксіздік пен тәртіпсіздіктің ұстамды қарсыласы.

Оқытушы өз іс-әрекетімен студенттерге еңбек және оқу тәртібінің ережесін сақтаудың қажеттілігін, әріптестермен сыйласымды қарым-қатынас орнатуды дәлелдейді, өзіне, өзінің сөзі мен іс-әрекетіне талап қояды, өз қателіктерін анық мойындайды және оны түзетеді.

Оқытушы студенттер мен өз әріптестерін кәсіби бағалауда шыншылдық танытады, ол жинақы, оның сөзі ісіне сәйкес келеді, қызмет барысында өз ұстанымын ашық көрсетеді және өз көзқарасын дәлелдей біледі.

Қазақстанның жоғарғы оқу орындарындағыоқытушылардың Ар-намыс Кодексі өнегелілік ережелерінің, қазақ қоғамы мен мемлекетінің жалпы халқы мойындаған ережелер мен әдептілік қағидаларға негізделген міндеттері мен тәртіптерінің жүйесі.

Біз, оқытушы мен студенттеррдің Ар-намыс Кодексімен жүруге және берілген міндеттемелерді іске асыруды өз жауапкершілігімізге аламыз. Біз, өзіміздің жоғарғы оқу орындарымыздың өнегелілік пен танымдылықтың үлгісі болуына және Қазақстанның жоғарғы оқу орындарының алдыңғы қатарын құруға белсенді атсалысамыз.

4 КОМПЬЮТЕРЛІК РЕСУРСТАРДЫ ПАЙДАЛАНУ

ЕИТИ барлық студенттері институттың компьютерлік жүйелерінің пайдаланушылары бола алады.

Студенттер компьютерлік сыныптар мен кітапханасында қосылған жабдықтарға, ЕИТИ электрондық поштаға, Интернетке қосылуға, институттың компьютерлік ресурстарға қол жетімді.

Зертханалар сағ 9:00-ден 18:00-ге дейін ашық, компьютерге аудиториядан тыс уакытта еркін қол жеткізуге болады.

Бірінші курстарды тіркеу жаңа оку жылының ішінде іске асырылады. Содан кейін пайдаланушылардың логины мен электрондық поштасын активтендіру үшін жаңадан келген студенттерге Ресуртарды пайдаланудың компьютерлік саясатымен таныстыру және оны катаң қадағалау қажет. Пайдаланушылар, сонымен қатар Компьютерлік зертханаларды пайдалану ережесімен таныстырылу және оны сақтаулары қажет.

Институтқа кеш түскен студенттерді тіркеу студенттік билетті берген соң институттың компьютерлік орталығында жүзеге асырылады.

Пайдаланушының есімі екі негізгі белгімен ұсынылады:

-         Пайаланушының есімі (логин) пайдаланушының тегінен, төменгі пробел және пайдалушының есімінен тұрады. Есімі мен тегінің алғашқы әріптері - бас әріптер. Мысалы, сіздің атыңыз Александр Иванов, демек, Сіздің пайдаланушы (логин) есіміңіз былай болады: Иванов_Александр. Пайдаланушының аты өзгерілмеуі тиіс.

-         Пароль – кішкентай орыс әріптермен ағылшын нысанында төменгі пробел және сынақ кітапшасындағы нөмірінен алынған, пайдаланушы ғана білетін сандар комбинациясымен бірге пайдаланушының есімінен тұрады. Мысалы, сіздің есіміңіз данияр, демек, сіздің пайдаланушы (пароліңіз) мынадай болады: данияр156212***. Жүйенің талаптары бойынша Пайдаланушылар өздерінің ақпаратын қорғау үшін парольдарды ауыстырып тұрулары қажет.

Пайдаланушының электрондық поштасының мекен жайы өзгертілмейді.

Компьютерлік Зертханаларды Пайдалану Ережесі

1.Компыотерді қосқаннан кейін әрбір пайдаланушы ЕИТИ желісіне кіру керек (Internet-ті пайдалану рәсіміне кар.).

2.Өз файлдарыңды сақтау кезінде өз атыңмен жаңа папка құрып, оған құжаттарды жазу керек.

3.Басқа біреудің құжаттары мен белгіленген бағдарламаларды өшіруге болмайды.

4.Компьютерге IT маманның рұксатынсыз өз бағдарламаңызды орнатуға болмайды және компьютерлік ойындар ойнауға болмайды.

5.Флэш-картамен жұмыс жасағанда әрдайым онда вирустың жоқтығын тексеру қажет. Сұрақтар туындаған жағдайда ІТ маманына хабарлаңыз.

6.Жұмысты аяқтаған соң әрдайым сеансты аяқтау қажет (Internet-ті пайдалану рәсіміне кар.).

7.Компьютерлік зертханаларда тыныштық сақтау кажет.

8.Компьютерлік зертханаларға сырткы киіммен және тамақ алып кіруге болмайды .

Internet пайдалану рәсімі

  1. ®Завершение сеанса®ОК.Егер де жүйе жаңа парольді талап етсе, өзініздің жаңа пароліңізді енгізіп, растап ОК басу керек. Пароль 6 белгіден аспау кажет.
  2. Жұмысты аяктағанда барлық пернелерді жабу керек және: Пуск®Завершение сеанса®ОК. рәсімін орындау кажет.
  3. Жұмысты аяқтағанда барлық пернелерді жабу керек жәнеПуск®Завершение сеанса®ОК. рәсімін орындау кажет.
  4. Жұмысты аяқтағанда барлық пернелерді жабу керек жәнеПуск®Завершение сеанса®ОК. рәсімін орындау кажет.

2.Егерде парольді Windows-қа енгізу керек деп сұраса (екі жолды бос сактау кажет).

3.«Создать учетную запись?» деген сұраққа жауап «Нет».

4.Браузерді жіберу. Қажет болған жағдайда пайдаланушының аты мен парольді тағы бір рет енгізу керек.

Академик Қ. Сәтбаев ат. ЕИТИ ресурстарын пайдаланудың компьютерлік саясаттың кез келген бұзушылығы анықталса, Академик Қ. Сәтбаев ат. ЕИТИ компьютерлік ресурстарына кіру рұқсаты жойылып, институтпен қабылданған тәртіптік санкциялар күшіне енеді. Компьютерлік ресурстарды пайдалануымен байланысты кез келген заңсыз әрекет әкімшілікке хабарланады.

Компьютерлік саясатты бұзуға қатысты институтпен қабылданған кез келген шешімге апелляция шығарылады.

5 КІТАПХАНА

ЕИТИ кітапхана қоры бойынша жоғары оқу орындарының ең үздігі болып табылады. Оның ғылыми, оқу, анықтамалык әдебиеттері, нормативтік құжаттары, ақпараттық материалдары, мерзімді басылымдары, бейнефильмдері, білімнің барлық салалары бойынша CD дискілері бар. Кітапхананың жалпы қоры шамамен 265,5 мың, оның ішінде қазақ тілінде 41,5 мың дана бар. Электрондық басылымдар қоры 200-ден астам. Жыл сайынғы мерзімдік басылымдар түсуі 150-ден асады.

Жұмыс толық мәтіндік электрондық кітапхана құру бойынша жалғастырылуда. Электрондық кітапхананы қалыптастыру негізінен электронды түрде беретін оқытушылардың жариялымдары мен ғылыми еңбектері, зор сұранысқа ие оқу әдебиеттерін сканерлеу есебінде қалыпастырылады.

5.1 Кітапхананы пайдалану ережесі

Кітпахана мен оқу залы институттың корпусы мен әкімшілік корпусында орналасқан. Кітапхана оқырмандарға кітаптарды, газеттерді, журналдарды және т.б. материалдарды пайдалануға уакытша береді. Әдебиетті үйге беру қызмет көрсету және кітап сактау бөлімімен жүзеге асырылады. Оқу залы әдебиетті оқу залынан шығармай пайдалануға береді. Кітапханаға оқырман болып тіркелу үшін окырманның ЕИТИ студенті екенін куәландыратын кұжатын көрсетумен жүзеге асырылады.

Оқырманға бірыңғай оқырман билетін береді және оқырман формулярын толтырады. Кітапханаға жазылу кезінде оқырман оның міндеттері мен ережелері туралы танысуы керек және оқырман формулярында міндеттерді орындайтынынөз қолымен растайды. Оқырман билеті кітапхана және оның абонементтері мен оку залдарын пайдалануға құқық беретін бірде-бір құжат. Жыл сайын кітапхана кітапхана уақытымен белгіленген әдебиеттерді талап етумен өз оқырмандарының қайта тіркелуін жүргізеді. Қайта тіркеуден өтпеген оқырмандарға қызмет көрсетілмейді.

Институттан кеткенде, оқырмандар кітпахананың барлык кітаптары мен оқырман билеттерін тапсырады. Кітапты, басқада баспалар мен материалдарды алу кезінде оқырман мұқият қарап алуы тиіс. Қандайда бір ақаулық тапқан жағдайда, кезекші кітпаханашыға көрсетуі тиіс. Кітапты бүлдіргені үшін оқырман жауапты. Кітапханаға зиян келтірген және кітпахананы пайдалану ережесін бұзған оқырмандар заңмен, жарлықпен және кітапхананы пайдалану ережелерімен қарастырылған нысанында, әкімшілік, азаматтық-құқықтық (мүліктік) жауапкершілікке тартылады.

         5.2 Оқу залдарын пайдалану ережесі

Оқу залында әдебиетке тапсырыс беру кезінде оқырман оқырман билетін көрсетеді, оқырман талаптарының қағазын толтырады, әрбір басылымның кітап формулярына қол қояды.

Оқу залдарында берілетін кітаптардың және басқа да басылымдардың саны шектелмейді.

Оқу залында берілген әдебиет негізгі кітап қоймасынан алынса, оқырманға белгілі бір уақытқа берілуі мүмкін.

Оқу залына өзінің және бұрын алынған кітапханалық кітаптармен, журналдармен, газеттермен және басқа да баспа материалдарымен кіруге болмайды (мұндай жағдайда оқырман әдебиеттерді оқу залының қызметкеріне уақытша сақтауға беруі тиіс).

Оқу залынан әдебиеттерді алып шығуғатыйым салынған. Мұндай ереже бұзушыларға айыппұл салынады және кітапхана әкімшілігі белгіленген уақытқа дейін кітапахананы пайдалану құқығынан айырылады.

Кітапхана жұмыс уақыты:

Күн сайын - 8.00 - 17.00 Сенбі - 8.00 - 13.00

6 Академик Қ. СӘТБАЕВ атындағы ЕИТИ ОҚУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

6.1 Кредиттік окыту технологиясы туралы

ЕИТИ мақсаттарының бірі озық білім беру әдістері мен технологиялар аркылы оқыту, студенттерге білім беру, олардың жоғары кәсіби мәртебесі мен халықаралық еңбек нарығында бәсекеге кабілетті деңгейін қамтамасыз ету. Қазіргі жоғары білім беру жүйесі адамдарды болашакқа уақытылы және тиісті түрде даярлауға бағытталған, яғни тек қана білім деңгейін арттыру ғана емес, әлемнің ауыспалы экономикалық, технологиялық, әлеуметтік және ақпараттық ақиқаттарға тез бейімделетін қазіргі бейне, жаңа нұсқада ақыл- парасатты қалыптастыру. Осы мақсатқа жету кредиттік оқыту технологиясын енгізуге септігін тигізді. Сондықтан да ЕИТИ басшылығы институтқа тез арада енгізілді.

Кредиттік оқыту технологиясы - даралану, білім беру траекториясын таңдау және кредит түрінде білім көлемін есептеу негізінде білімді шығармашылық меңгеру және өздігінен білім алу деңгейін жоғарылатуға бағытталған білім беру жүйесі. Қазақстандық институттардың кредиттік оқыту технологиясына көшу:

әлемдік білім беру кеңістігіне кіру кажеттілігінен;

білім беру траекториясын қалыптастыруда қатысу үшін білім алушыларды тарту;

білім алушлардың академиялық ұтқырлығы;

нақты тұтынушыға мамандарды даярлау;

ақпараттық технологияларды білім барысына енгізу.

Кредиттік оқыту технологиясы кезінде институтта сабақ беру білімнің демократияландыру қағидалары негізінде кұрылды, бұл:

курстарды кеңінен таңдау үйлесімділігі;

студенттің жеке білім беру траекториясын қалыптастыру;

студенттердің сыни көзқараспен ойлауын дамыту;

интерактивтік оқыту әдістерін кең пайдалану.

ЕИТИ біздің студенттер мен оқытушыларға белгілі бір академиялық уақытта оқу оқуға, машықтама өткізуге, тәжірибе алмасуға, жаңа білім алуға, басқа да жоғары оқу орындарында (ел ішінде немесе шетелдерде) ғылыми зерттеу жасауға мүмкіндік беретін Болон процесі мен академиялық ұтқырлық орталығы жұмыс істейді.

Біздің институт студенттерге Таяу және Қиыр шетелдерде білім алуға мүмкіндік береді. Ол үшін Трансферт (ауысу) және кредиттерді жинау (ECTS) еуропалық жүйесі бар, бұл тәсіл білім беру бағдарламаларын сынақ бірліктерінің компоненттеріне беру, осының көмегімен білім беру траекториясы, оқу орны мен елді ауыстырған жағдайда студенттің меңгерген оку пәндерін салыстыру және қайта сынақтан өткізу жүзеге асырылады.

6.2 Кеңсе-Тіркеушісі

Кеңсе-Тіркеушісі (КТ) - студенттердің оқу жетістіктерінің барлық тарихын тіркеумен, яғни таңдау бойынша пәндерді тіркеуден бастап, бақылаудың әртүрлі емтихандық-рейтингтік тізімдемелерін өңдеу мен сақтаумен, аяқтаумен айналысатын студенттерді колдау кызметі. Ол студенттердің білімін бақылау түрлерін қамтамасыз етеді.

КТ негізгі міндеттері:

элективтік пәндерге тіркеу тәртібін басқару;

студенттердің білімін бақылауды ұйымдастыру;

білім алушылардың академиялық рейтингісін есептеу;

студенттердің үлгерімі туралы жазбаны қалыптастыру және сақтау;

студенттердің үлгерімі туралы есептерді дайындау;

үлгерімі нашар студенттердің тізімін құрастыру;

жазғы семестрге студенттерді тіркеу және оларды ұйымдастыру.

6.3 Элективті пәндерге тіркеу

Сіз білетіндей, кредиттік технология сізден оқуды, КР БҒМ қарастырылған міндетті пәндер және таңдау компоненті бойынша, пәндер ретінде талап етеді.

Осы және басқа да пәндерді таңдауыңыз ресми түрде тіркеумен жүзеге асырылады.

Таңдау бойынша пәндерді анықтау эдвайзердің жетекшілігімен жүзеге асады. Эдвайзер презентация әдісімен элективті пәндер каталогынан әрбір пәннің баламасын ұсынады, пәндерді оқудағы жүйелілікті анықтауға кеңес береді.

Тіркеу уақыты мен күні академиялық күнтізбемен анықталады.

Пэнді тандап, сіз өзіңізге ұнаған пәнді көрсетумен тіркеу нысанын толтырасыз, осының негізінде КТ Сіздің жеке оқу жоспарыңызды (ЖОЖ) құрастырады. ЖОЖ үш данада жасалады, біреуі өзіңізде қалады, енді екеуінің дұрыстылығын тексеріп және қол қойып тіркеу бөлімі мен деканатқа қайтарасыз.

Жеке оқу жоспары әрбір жылға жасалады.

ЖОЖ негізінде КТ академиялық топтарды қалыптастырады.

6.4 Сіздердің тәлімгерлеріңіз – куратор және эдвайзер

Куратор оқу-әдістемелік жұмысты өткізіп, институт әкімшілігімен, қоғамдық ұйымдармен, институттың оқу персоналы мен студенттер арасында тығыз байланыс орнатады.

Куратордың қызметі студенттерді азаматтық жауапкершілік пен патриотизмге тәрбиелеуге, оларды жанжақты мәдени дамытуға, топта достық жағдай мен өзара көмек көрсетуге, студенттерді ғылыми және қоғамдық жұмыстарға қатысуға бағытталған. Оқу тәрбиелік жұмыстарды өткізу үшін куратор институт түлектерімен кездесу, жиналыс және экскурсия және т.б. өткізеді.

Куратор келесідей қызметтер атқарады:

студенттік топтардын, жиналасын және негізгі қоғамдық шараларды ұйымдастырып, онда өзі қатысады;

студенттердің үлгерімі мен тәртібін бақылайды және уақытылы қажетті көмек көрсетеді;

топта сабақ беретін оқытушылармен байланыс жасайды;

топтың старостасын таңдау мен тағайындауға қатысады.

Жоғары оқу орындарында кредиттік оқыту жүйесі жағдайында жеке оқу білім беру траекториясын таңдау және жүзеге асыру және олардың оқу жоспарларының ұтқырлығын қамтамасыз ету үшін кеңес беру қызметі немесе академиялық кеңес беру қызметі - эдвайзерлер ұйымдастырады.

Эдвайзер - оку мерзімі ішінде жеке білім беру таректориясын таңдауда және білім беру бағдарламасын меңгеруде көмек көрсететін оқытушы. Содан басқа, эдвайзер болашақ мансап мәселелерін шешуде кеңес беруге, кәсіби тәжірибе базасын анықтауға көмектеседі. Эдвайзерлер білім алушылардың академиялық мүддесін жасауға және жеке оқу жоспарын кұру мен түзетуде көмек көрсетуге тиіс.

Эдвайзердің міндеттері:

• жеке оқу траекториясын анықтау мен білім бағдарламасын меңгеруде білім алушыларға көмек көрсету;

• тиісті мамандық бойынша оқыту траекториясын таңдауда білім алушылардың қажеттіліктерін, мүдделерін анықтау;

• пәндерді таңдауда білім алушыларға кеңес беру;

• жеке оқу жоспарларын құрастыруға, қажет болған жағдайда оларды түзетуге көмектесу;

• студенттердің үлгерімі мен академиялық мәртебесін қарастыру мәселесінде сараптау комиссия жұмысына қатысу.

Эдвайзер білім алушыны институттың академиялық өмірінің ерекшеліктерімен, жұмыс оқу жоспардың мазмұнымен, дипломды алудағы талаптармен, таңдалған мамандықтың мүмкіндіктермен таныстырады және білім алушының қабілеттеріне, мүмкіндіктеріне, мүдделеріне және мақсаттарына сәйкес жеке оқу траекториясын таңдауда көмекшісі болып келеді.

6.5 Білім алуышылардың өзіндік жұмысы

Кредиттік оқыту технологиясы кезінде білім алушылардың өзіндік жұмыстары СОӨЖ мен СӨЖ-ге бөлінеді.

Студенттердің өзіндік жұмысы (СӨЖ) - оқытушылар ұсынған оқу-әдістемелік әдебиеттерге, әдістемелік әзірлемелер мен бағдарламаларға сәйкес белгілі тақырыптар тізімі мен оларға деген тапсырмаларды өз бетінше орындау.

СОӨЖ білім алушылардың оқытушымен байланысты орындалатын аудиториядан тыс жұмыстары болып табылады. СОӨЖ жеке кесте бойынша орындалады, жалпы сабақ кестесіне кірмейді және (СӨЖ) - окытушының қатысуынсыз аудиториядан тыс уақытта студенттің күнделікті өзіндік жұмыс жасауын талап етеді.

СӨЖ және СОӨЖ бойынша әдістемелік ұсыныстар кафедраның ПОҚ- мен жасалады және оған келесідей құжаттар кіреді:

-         СӨЖ кестесі;

- тапсырмалар жүйесі;

- рефераттар, мақалалар мен шығармашылық жұмыстардың тақырыптары;

- курстық және дипломдық жұмыстар тақырыптары;

- негізгі және қосымша әдебиеттер тізімі;

- кеңес беру көмек түрлері;

- бақылау түрлері мен нысандары;

- бағалау өлшемдері, жұмыс көлемі, оны ұсыну мерзімдері және т.б.

СОӨЖ әрбір пән бойынша барлық академиялық кезең бойы күнін, уақытын, аудиториясын, тьюторларды көрсетумен кестеге сәйкес өткізіледі.

СОӨЖ аясындағы сабақтар кеңес беру және интерактивтік түрде болуы мүмкін. Ол студенттердің дайындалу деңгейіне, бөлінген аудиториялық сағатына, оқу курсының күрделілігіне байланысты анықталады.

Егер де сізде төмен ағымдық рейтинг болса, қосымша кеңес беруді қаласаңыз, пән бойынша алынған тапсырмаларды орындау кезінде қиындықтар туындаған жағдайда, оқытушы дәстүрлі түрде сабақ беруі тиіс. Егер де сізде мұндай қиындыктар болмаса, сізде жақсы немесе үздік академиялык рейтинг болса, оқытушы қалауы бойынша сізді дәстүрлі сабақтан босатып, сізге кеңес беру түрінде сабақ беруі мүмкін.

БӨЖ оқу құралдарын кітапхана, компьютерлік сынып, лингафон кабинеті, медиатека, арнайы зертханалар жағдайында оқуды талап етеді.

СӨЖ бақылау жазбаша және ауызша түрінде болуы мүмкін. СӨЖ нәтижесін жазбаша түрде бақылау конспект, реферат, баяндама, шығармашылық бақылау, жазбаша, курстык, дипломдық жұмыс, ғылыми мақалалар және т.б. түрінде жасалуы мүмкін. СӨЖ бакылаудың ауызша түрінде коллоквиум, конференция, іскери ойындар, баяндама, шығармалар, хабарлама, жеке әңгімелесу және т.б.

6.6 Білімді бақылау және бағалау қалай жүзеге асады?

Студенттердің білімін бақылау және бағалау кешені ағымдық, межелік, қорытынды бақылау мен қорытынды аттестациялауды өткізуді талап етеді.

Білім сапасы балл-рейтингтік жүйемен бағаланады. Пәнді оқу кезінде студенттердің білімін ағымдық бағалаудың әртүрлі түрлері болуы мүмкін: ауызша сұрау, жазбаша сұрау, құрама сұрау, үй тапсырмаларын қорғау және тұсаукесер, талқылау, тренингтер, дөңгелек үстелдер, кейс-стадилер, тесттер.

Бақылау түрінің әрбіреуі студентке балл береді, яғни оның қорытынды бақылау тапсыруына жіберу рейтингісін анықтайды. Оқу курсын аяқтаған кезде емтихан түрінде қорытынды бақылау жүргізіледі. Студенттердің түрлі бақылау денгейінде алған балдары «А»-дан «Ғ»-ке дейін бағалар ауқымдары шегінде оқу құралдарын меңгеру дәрежесінен бағаланады. Оқу курсындағы үлгерім нәтижесі бойынша GPA орта көшіру балы болып есептеліп, жыл сайын ұлғайып отырады. Бұл оның арнайы пәндер бойынша білім сапасын арттыру мақсаты болып табылады.

Ағымдық бақылауда студенттің оку үлгерімі әрбір орындалған тапсырма (ағымдық сабақтарда жауап беру, үй тапсырмасын тапсыру, студенттің өзіндік жұмысы) үшін 100 балдык ауқымы бойынша бағаланады және үлгерімді ағымдық бақылаудың соңғы нәтижесі академиялық мерзім ішінде алынған барлық бағалар орта арифметикалық сомасын есептеумен шығарылады.

Аралық және қорытынды аттестациялауда білім алуышылардың оқу жетістіктерін бағалау кезінде осындай тәсіл қолданылады.

Оқу пәні бойынша аралык аттестциялау кезінде емтиханда алынған баға мен академиялық мерзім ішінде үлгерімді ағымдық бағалау орта балы есептеледі.

Пән бойынша білімнің қорытынды бағасынан үлгерімнің ағымдық бақылау бағасы 60% құрайды, пән бойынша білімнің қорытынды бағасынан емтихан бағасы 40% қүрайды.

Пән бойынша қорытынды бағасына емтиханға жіберу рейтингісі мен қорытынды бакылау кіреді:

ҚБ = ЖР*0,6+ Э*0,4;

Ондағы, ИО - қорытынды баға,

ЖР - емтиханға жіберу рейтингісінің бағасы, Е - қорытынды бақылау бағасы (пән бойынша емтихан).

6.7Сіздің біліміңіздің бағалау өлшемдері:

«А», «А-» («үздік») - егер Сіз барлық бағдарламалық материалды терең және толық меңгерген болсаңыз, оны сауатты және зияткерлік түрде баяндайсыз, тапсырмалардың өзгеруі кезінде жауаптарға қиындықсыз жауап бересіз, койылған міндеттерді оңай шешесіз, монографиялық материалдарға қатысты біліміңізді көрсетесіз, қабылданған шешімдерді дұрыс негіздейсіз, тәжірибелік жұмыстарды орындаудың жанжақты тәсілдері мен дағдыларын меңгерсеңіз;

«В+», «В», «В-» («жақсы») - егер Сіз бағдарламалық материалды нық біліп, оны сауатты баяндайсаңыз, сұракқа жауап бергенде қате жібермесеңіз, теориялық ережелерді дұрыс колдансаңыз, тәжірибелік жұмыстарды орындаған кезде қажетті дағдыларды меңгерген болсаңыз;

«С+», «С», «С-», «D+», «D» («қанағаттанарлық») – егер де Сіз негізгі материалды меңгерген болсаңыз, бірақ жеке бөлшектерді білмейсіз, нактылық жоқ, тәжірибелік жұмыстарды орындауда қиындықтарға бой алдырасыз;

«Ғ» («қанағаттанарлықсыз») - егер Сіз бағдарламалық материалдың маңызды бөлімін білмесеңіз, маңызды қателер жібересіз, тәжірибелік жұмыстарды қиындықтармен орындайсыз.

Білімнің көп балдық әріптік жүйесі

Әріптік жүйе бойынша баға

Балдардың сандық эквиваленті

Пайыздық мазмұны

Дәстүрлі жүйе бойынша бағалау

А

4,0

95-100

Үздік

А-

3.67

90-94

В+

3,33

85-89

Жақсы

В

3,0

80-84

В-

2,67

75-79

С+

2,33

70-74

Қанағаттанарлық

С

2,0

65-69

С-

1.67

60-64

D+

1,33

55-59

   

D

ко

50-54

 

F

0

0-49

Қанағаттанарлықсыз

 
               

Егерде сіз белгілі себептермен емтиханға келмесеңіз, үш күн ішінде деканатқа тиісті құжат ұсынсаңыз, Сіз деканның рұқсатымен емтиханды жеке тапсыруға құқыңыз бар.

Назар аударыңыз! Егерсіз емтиханда «Ғ» бағасын алсаңыз, сіздің жоғары орта рейтингіңіз болсада, қорытынды бағаңыз автоматты түрде «Ғ» (нөл) болады. Мұндай жағдайда сіз қарызы бар студенттердің қатарына қосылып, ақылы жазғы семестрге қаласыз.

Емтихандықоңды (жоғарлату мақсатында), сондай-ақ қанағаттанарлықсыз бағаларды қайта тапсыруға рұқсат берілмейді.

Қалаған пәнді қайта оқу үшін ақылы жазғы семестрге жазылу қажет, дәрістерді қайта тыңдау, қайтадан рейтинг жинап, емтихан тапсыру керек. Пәнді қайтадан оқыған студент қызыл диплом алу құқығынан айырылады.

Сіз емтихан қорытындысын апелляцияға беруге құқыңыз бар.

Апелляциялау нәтижесінде баға көтерілуі немесе өзгеріссіз қалуы мүмкін.

Студенттер білімінің қорытынды бақылау нәтижелері бойынша апелляцияға өтініш емтихан нәтижелерін хабарлағаннан кейін бір күн ішінде тіркеу бөлімімен қабылданады.

GPA деген не және онықалай есептеу керек?

Студенттің үлгерімінің көрсеткіші ретінде кредиттік оқыту технологиясы кезінде GPA пайдаланылады.

Үлгерімнің орта балы (Grade Point Average - GPA) - таңдалған бағдарлама бойынша бір оку жылы ішінде білім алушының оқу жетістіктерінің деңгейін орташа бағасы және мына формула бойынша анықталады:

,

ондағы Қс1, Қс2, ...  сn - сандық эквивалентіндегі пәндер бойынша  қорытынды бағалар;

К 1, К2, Кn – кредиттерде көрсетілген танылған пәндердің көлемі;

n - барлык өткен мерзімде оқылған пәндердің саны.

Назар аударыңыз! Сессияны жақсы бағаға тапсыру жеткіліксіз! Белгіленген көшу балы GPA жинау қажет.

Көшу балының деңгейі жыл сайын Ғылыми кеңес шешімімен қарастырылуы мүмкін.

6.8 Жазғы семестр не үшін керек және оданқалай алшақ болукерек?

Қысқы және жазғы аралық аттестациялау қорытындысы бойынша үлгерімі жақсы студенттер келесі курска көшеді. Оларға белгіленген GРА жинаған және академиялық қарызы жоқ студенттер жатады.

Академиялық қарызы бар деген ұғым - ол емтихан бойынша қанағаттанарлықсыз баға немесе емтиханға келмегендіктен нәтижесінде пайда болған қарыз.

Академиялық қарызы бар студенттер үшін ақылы жазғы семестр ұйымдастырылады.

Қайта оқу курсына ЕИТИ Ғылыми кеңесімен бекітілген ақы қарастырылады.

Жазғы семестрді ұйымдастыру келесідей тәртіппен жүзеге асады:

-         студенттер жазгы аралық аттестцияға дейін жазғы семестрге қатысу туралы деканатқа өтініш береді;

- бір кредиттің күнінен студенттер жазғы семестрде болатын оқуды төлейді;

- деканат белгіленген уақытта ұсыныс беріп, соның негізінде жазғы семестр кестесі құрастырылады;

Егер Сіз жазғы семестрге өтініш жазбасаңыз, немесе жазып, бірак жазғы семестрдің оқуын төлемесеңіз, Сіз қайта оқу курсына қаласыз.

Жазғы семестрде емтихандар нәтижесі бойынша студенттің GPA қайта есептеледі. Көшу балын жинаған студент келесі курсқа көшеді, барлық қарыздарды тапсырып, бірақ GPA балын жинамаған студент екінші жылға қалады және барлық пәндерді қайта меңгереді. Мұндай жағдай болмас үшін академиялық қарыздарды болдырмай, кажетті GPA алу үшін жоғары балдар алуың керек.

6.9   Екінші жылға қалмау үшін не істеу қажет?

Қайта оқу жылы үлгерімі нашар, яғни GPA көшу балын жинамаған студенттерге қарастырылған.

Қайта оқу жылына оқу жылының қорытындысы бойынша жеті кредиті бар студенттер қарыздарын жазғы семестрде тапсыру құқығынсыз автоматты түрде қалдырылады.

Қайта оқу жылына төлем жаңа оқу жылына толық оқу жылына белгіленген сома көлемінде төленеді.

Қайта оқу жылына қалмас үшін емтихандарды уақытылы тапсырып, қарыздарды тапсырып, сонымен қатар қажетті автоматты түрде балын жинау қажет.

6.10 Мемлекеттік емтихан және қызыл диплом туралы

Қорьггынды аттестация мамандықтың оқу жоспарымен қарастырылған уақытта өткізіледі. Ұзақтылығы 4 аптадан кем емес.

Барлық оқу мерзімінде емтихандарды «А», «А-», «В+», «В», «В-» бағаларына тапсырған және нәтижесінде GPA орта балы 3,5-тен төмен емес балл жинаған, мемлекеттік емтихан мен дипломдық жұмысын «А» немесе «А-» бағаларына тапсырған ЕИТИ түлегіне қызыл диплом беріледі.

6.11Институттан не үшін шығаруы мүмкін?

Оқуды жалғастырғыңыз келмесе, сіз өз еркіңізбен медициналық көрсеткіштер мен басқа қалаға оқуға ауысуға байланысты оқудан шыға аласыз.

Институт жарғысында көрсетілген міндеттерді орындамағаны, ішкі тіртіп ережесін бұзғаны, оқу төлемақысы туралы келісімшартты бұзғаны үшін оқудан шығарылады.

Оқудан шығу немесе қайта қабылдану мәселелері бойынша деканат немесе тіркеу бөліміне барыңыз.

6.12 Қандай жағдада мемлекеттік гранттанайырылып қалуға болады?

Мемлекеттік білім грантында оқитын студенттер қайта оқу курсына қалдырылса, әрі қарай оқу мерзіміне гранттан айырылады.

6.13 Қандай жағдайда академиялық демалыс алуға болады?

Студент денсаулығына, соның ішінде жүктілік және босануға байланысты академиялық демалыс ала алады.

Академиялық демалыс дәрігерлік-кеңес берукомиссиясының қорытындысы негізінде ұзақтылығы 6 айдан 12 айға дейін беріледі. Студент акдемиялық демалысқа өтінішті аралық аттестациялауға дейін береді.

Мемлекеттік білім беру грантында оқитын студенттерге академиялық демалыс беру кезінде мемлекеттік грант оның әрі қарай оқу мерзіміне сақталады. Оқуды қаржыландыру академиялық демалыс мерзіміне тоқтатылады.

Академиялық демалыстан шыққан студенттер олардың сабаққа кірісуіне болады деген дәрігерлік-кеңес беру комиссиясының қорытындысын әкелуі тиіс. Академиялың демалыстан шыққан соң, оқу жұмыс жоспарларында айырмашылықтарды белгіленген уакытта жою қажет.

6.14 Қандай жағдайда шәкіртақы тағайындалады?

Шәкіртакыны мемлекеттік білім грантында оқитын студенттер алуға құқылы. Осылайша қорытынды сессия бойынша студенттер сессияны «А», «А-», «В+», «В», «В-» бағаларына тапсырса, шәкіртақы төленеді. Ал егерде сессияны «А» және «А-» бағаларына тапсырса, жоғарылатылған шәкіртақы төленеді.

Шәкіртақы алу мәселелері бойынша деканатка келіңіз.

6.15ЕИТИ ауысу және қайта қабылдау тәртібі

Білім алушыларды курстан курска, бір білім ұйымынан екінші білім ұйымына, бір оқу түрінен екінші оқу түріне, бір тілдік топтан екінші тілдік топқа, бір мамандықтан екінші мамандыққа ауысу жүзеге асырылады.

Күндізгі және кешкі оқу түрінің ауысу және қайта қабылдану өтініштері жазғы және қысқы демалыс кезінде академиялық кезеңнің басталуына 5 күн қалғанда ректоратпен қаралады.

Білім алушыларды ауыстыру және қайта қабылдау кезінде оқу жұмыс жоспарлардың академиялық айырмашылықтары анықталады.

Шетелдің білім ұйымынан білім алушылар ауыскан және қайта қабылданған кезде меңгерген оқу бағдарламалары (академиялық анықтама, транскрипт), сонымен қатар алдыңғы білім деңгейін аяқтағандығы туралы кұжат тапсырылады және олар Қазақстан Республикасында нострификациядан өтуі тіис.

Сынақ білім алушының оқу жетістіктерінің әріптік бағалау жүйесіне минималды D-дан (1,0; 50-54%) максималды А-ға (4,0; 95-100%) дейінгі ауқымымен теңестіріледі.

Білім алушыларды курстан курсқа ауыстыру жазғы емтихан сессиясы (аралық аттестациялау) нәтижесінде жүзеге асырылады.

Бір оқу орнынан екінші оқу орнына ауысу мынадай жолдар арқылы жүзеге асырылады:

  1. білім алушы өзі окыған оқу орнының ректорына ауысу туралы өтініш береді, жазбаша келісімді алып, ауысқысы келетін жоғары оқу орнының ректорына келеді. Өтінішпен қоса проректор мен кеңсе-тіркеушінің қолдары қойылған, мөрімен транскрипт, ҰБТ немесе ТКТ сертификаты, мемлекеттік грант иегері туралы куәлігі (бар болған жағдайда) беріледі;
  2. декан оқу курсын және айырмашылықтарды анықтап, жеке оқу жоспарын бекітеді;
  3. деканның бұрыштамасы негізінде тіркеу бөлімі көрсетілген айырмашылықтарды тапсыру уақытын белгілейді;
  4. деканның, ОӘБ жетекшісінің, оқу-әдістемелік жұмысы бойынша проректордың бұрыштамалары негізінде білім алушының ауысуы туралы бұйрық шығарылады;
  5. бұрын оқыған жоо үш күндік мерзіммен білім алушының жеке іс-қағаздарына сұраныс жібереді;
  6. білім алушы бұрын оқыған жоо сұранымды алғаннан кейін білім алушының ауысумен оқудан шығарылды деген бұйрық шығарады және үш жұмыс күні ішінде білім алушының жеке іс қағаздарын білім алушыны қабылдаушы жоо жіберуі тиіс.
  7. білім алушы өзі оқығысы келген жоғары оқу орнының ректорына қайта қабылдау туралы өтініш жазады. Өтінішке академиялық анықтама қоса беріледі.
  8. декан берілген академиялық анықтама негізінде оқу курсын және айырмашылықтарды анықтап, жеке оқу жоспарын бекітеді;
  9. деканның бұрыштамасы негізінде тіркеу бөлімі көрсетілген айырмашылықтарды тапсыру уақытын белгілейді;
  10. деканның, оқу-әдістемелік бөлімі жетекшісінің, оқу-әдістемелік жұмысы бойынша проректорының бұрыштамалары негізінде білім алушының кайта қабылдануы туралы бұйрық шығарылады.
  11. білім алушы ректордың атына ауысу туралы өтініш береді, өтінішке қоса деканмен куәландырылған транскрипт көшірмесі беріледі;
  12. берілген транскрипт негізінде факультет деканы (институт директоры) оқу курсын және оқу жоспарлардағы айырмашылықты анықтайды;
  13. факультет деканының (институт директорының) бұрыштамасы негізінде тіркеу бөлімі көрсетілген айырмашылықтарды тапсыру уақытын белгілейді, күндізгі оқу түрінен сырттай оқу түріне ауысу кезінде айырмашылықтарды тапсыру бір академиялық мерзімде белгіленуі тиіс;
  14. факультет деканының (институт директорының), оқу-әдістемелік жұмыс бойынша проректордың бұрыштамалары негізінде білім алушының бір оқу түрінен екінші оқу түріне немесе бір мамандықтан екінші мамандыққа ауысу туралы бұйрық шығарылады.

Білім алушыларды қайта қабылдау келесідей түрде өтеді:

Білім алушылардың қатарына қайта тіркеу және оқу жоспарларындағы пәндердің айырмашылықтарын жою ақылы түрде ғана іске асырылады.

Жоғары оқу орны ішінде бір мамандықтан екінші мамандыққа ауысу келесідей түрде өтеді:

Ауысу немесе қайта қабылдау кезінде оқу жоспарларындағы айырмашылықтарды тапсыру мерзімі бр академиялық мерзім болады.

Бірінші курс студенттетінің ауысу тек бірінші семестр аяқталғанда және іргелес мамандыктар бойынша ауыстырылады.

Ауысу және қайта қабылдау мәселелері бойынша деканатқа келіңіз.

Қайта қабылдау және аудару кезінде оқу жоспарлардағы айырмашылықтарды тапсыру мерзімдері ұзартылады, әдеттегідей, бір академиялық кезеңі аралығында білім алушы пәндер айырмашылығына алдын ала жазылып қойылуы, оқу ақысын төлеуі, олардың бағдарламаларын игеруі және қорытынды бақылаудан өтуі тиіс.

Егер білім алушы қайта қабылдану немесе аударылу кезінде оқу жоспарлардың айырмашылығын тиісті мерзімде тапсырмаса, онда осы айырмашылық академиялық қарыз ретінде тіркеледі және оның GPA анықтау және курстан курсқа аударылу кезінде нөлге теңеледі.

Бірінші курстың білім алушысының аударылуы тек бірінші семестрді өз мамандығы бойынша аяқтаған кезде ғана іске асырылады.

Қайта тіркелу мен ауыстыру мәселелері жөнінде деканатқа және студенттерді тіркеу бөліміне жүгініңіз.

 

7   ІШКІ ГРАНТТАРДЫ,   ЖЕҢІЛДІКТЕРДІ   БЕРУ ЖӘНЕ академик Қ. СӘТБАЕВ

     ат. ЕИТИ БІЛІМ АЛУШЫЛАРҒА ӘЛЕУМЕТТІК ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ

7.1 Ішкі гранттарды, жеңілдіктерді берудің және әлеуметтік қызмет көрсетудің тәртібі

Білім алушылардың бакалавриат бағыттарына өтініштерді қарау мақсатында жыл сайын институт ректорының бұйрығымен институттың ішкі гранттарын, жеңілдіктерін және әлеуметтік қызмет көрсетулерін бөлу бойынша тұрақты комиссиясы құрылады.

Комиссияның құрамына ректордың бұйрығымен қаржы сектордың қызметкерлерін міндетті түрде тіркеуімен өзгертулер енгізіледі.

Комиссия төрағасы отырысты басқарады, жұмысты жоспарлайды және комиссия шешімдерінің орындалғанын бақылауды жүзеге асырады. Төрағаның болмаған жағдайда, оның қызметін орынбасары атқарады.

Комиссия отырысының күн тәртібіне сәйкес хатшы институт гранттарын, жеңілдіктерін беруге және әлеуметтік қызмет көрсетуге қажетті құжаттарды және үміткерлердің материалдарын әзірлейді, отырыстың хаттамасын рәсімдейді.

Комиссия хатшысы отырыс басталмай тұрып 5 күн бұрын комиссия мүшелеріне барлық қажетті материалдарды ұсынады.

Комиссия отырыстары қажет болған жағдайда ғана, кем дегенде жылына екі рет өткізіледі.

Комиссия шешімі ашық дауыс беру арқылы қабылданады: комиссия мүшелерінің көп дауыс беру арқылы шешім қабылданды деп есептеледі; дауыстар саны тең болған жағдайда, басым дауыс беру - комиссия төрағасының дауыс беруі болып келеді.

Комиссияның қорытындысы хаттамамен рәсімделеді және міндетті түрде комиссияның барлық мүшелері оған қолдарын қояды.

Комиссия шешімі Ғылым кеңесінің қарауына тіркеледі және Ғылым кеңестің шешімі негізінде ректордың институттың ішкі гранттарын, жеңілдіктерін және әлеуметтік қызмет көрсетулерін бөлу туралы бұйрығы шығарылады.

Институттың қаржы мүмкіндіктеріне байланысты университеттегі ішкі гранттардың, жеңілдіктердің және әлеуметтік қызмет көрсетудің саны ректормен келісу бойынша анықталады және жыл сайын тамыз айында Ғылым кеңесі отырысында бекітіледі.

Ғылым кеңесінде бекітілген институттағы ішкі гранттардың, жеңілдіктердің және әлеуметтік қызмет көрсетудің саны ағымдағы жылдың 10 қыркүйегінде комиссияға ұсынылады.

Білім алушылардың бакалавриат бағыттары бойынша ішкі гранттарды алуға жазған өтініштері, оқу ақысына арналған жеңілдіктер.

Институттың ішкі гранттары, жеңілдіктері және әлеуметтік қызмет көрсетуі бір оқу жылына (1 қыркүйектен 31 тамызға дейінгі кезеңінде) немесе бір академиялық семестрге беріледі.

7.2 Институттың ішкі гранттарының және жеңілдіктердің тізімі

Институттың ішкі гранттары

Оқу ақысынан босату, егер білім алушының барлық алдынғы оқу кезеңі бойынша абсолюттік үлгерімі А, А- : 4-оқу жылдық кезеңіне – 3 курста, 5-оқу жылдық кезеңіне – 4 курста болған жағдайда ғана соңғы курста беріледі:

Қамқоршылық кеңеспен, әкімдіктермен және өзге мекемелермен бекітілген атаулы стипендиялар.

Ақысыз тамақтануға арналған талондар.

Жолаушы билеттері.

7.3 Институттың ішкі гранттарын, жеңілдіктерін беру және әлеуметтік қызмет көрсетудің негізгі шарттары

7.3.1 Бакалавриат бойынша:

«Алтын Белгі» омырау белгісінің иегерлері;

Халықаралық спорт жарыстардың, шығармашылық байқаулардың жеңімпаздары;

Ғылыми байқаулардың, республикалық олимпиадалардың, авторлық жұмыстардың жеңімпаздары;

Интернаттың және балалар үйінің түлектері;

Ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, қамқорлыққа алынған студенттер.

БҰТ қорытындылары бойынша 90 жоғары баллдар алған студенттер (5 пәндерді есепке алмағанда);

Мүгедек-студенттер;

Көп балалы отбасынан шыққан студенттер;

Ғылымда, білімде, өнердің әртүрлі салаларында табыстары бар студенттер;

Студенттер – институтта 5 жыл және одан көп жылдар жұмыс тәжірибесі бар институт қызметкерлерінің балалары;

Студенттер – ардагерлердің және Ауғанстан соғысына қатысқандардың балалары;

Экологиялық қолайсыз аймақтардан келген студенттер;

Студенттер – оралмандар;

Студенттер – ақылы оқуда бір уақытта оқып жүрген, бір отбасынан шыққан балалар;

Жоғары үлгерімі бар білім алушылары, институттің қоғам өмірінде қатысатын белсенділер.

7.4 Институттың құқықтары мен міндеттері

Институттың Жарлығына және институттың заңды Ережесіне сәйкес институт, институттың ішкі грант және жеңілдіктер иелерінен өз құқықтарын жоғары деңгейде орындауларын талап етуге құқылы.

Институттың ішкі грант және жеңілдіктер иелері, жоо кейін білім беру бағдарламасын орындамағандардың басқа оқу орнына ауысу, әртүрлі себептер бойынша институттан шығып кету кезінде институттың инфляция индексіне сәйкес тұтынуды алып тастау құқығы бар.

7.5 Институттың ішкі гранттар иелерінің міндеттері

Оқу бағдарламасын тиісті деңгейде игеруді орындау, сонымен қатар институттың ішкі Ережелерін қатаң сақтау.

Институттың іс-шараларына белсенді қатысу және әлеуметтік көмек көрсету факультеттердің деканымен қабылданады және факультеттердің Кеңесі отырысында қарастырылады.

Факультет Кеңесінің отырысына институттың ішкі гранттарын, жеңілдіктерін және әлеуметтік көмек көрсетуді пайдаланатын үміткерлер шақыртылады; институттың ішкі гранттарын, жеңілдіктерін беруді және әлеуметтік көмек көрсетуді сұрайтын тұлғалар; өзге мүдделі тұлғалар.

Факультеттің деканы институттың ішкі гранттарын, жеңілдіктерін беру және әлеуметтік көмек көрсету бойынша барлық үміткерлердің тізімін құрастырады. Үміткерлердің тізімі, үміткерлердің мәртебесін дәлелдейтін факультет Кеңесінің отырысындағы хаттамадан үзінді және құжаттар пакеті қарастыру мақсатында Комиссияға 10 қыркүйекке дейін ұсынылады.

Академик Қ. Сәтбаев ат. ЕИТИ білім алатын мемлекеттік білім беру грантының иегерлері институттың ішкі гранттарын, жеңілдіктерін және әлеуметтік көмек көрсетуді алуға өтініш берулеріне құқықтары жоқ.

Институттың ішкі гранттарын, жеңілдіктерін және әлеуметтік көмек көрсетуді алуды тек академик Қ. Сәтбаев ат. ЕИТИ ақылы түрде білім алушылар ғана үміттенуге құқықтары бар.

Институттың ішкі гранттарын, жеңілдіктерін және әлеуметтік көмек көрсетуді бөлу комиссиямен өңделген және ретормен бекітілген өлшемдердің негізінде комиссиямен жүргізіледі (12.02-2014 ӘН МСЖ).

Институттың ішкі гранттарын, жеңілдіктерін және әлеуметтік көмек көрсетуді алуға қабылданған өтініштер мен құжаттарды комиссия қарастырған соң, өзінің шешімін шығарады және оны институт ректорына ағымдағы жылдың 15 қыркүйегіне дейін ұсынады.

Ғылым кеңесінің шешімі негізінде ретордың Институттың ішкі гранттарын, жеңілдіктерін және әлеуметтік көмек көрсетуді беру туралы бұйрығы шығарылады.

Білім алушыларға арналған институттың ішкі гранттары, жеңілдіктері негізгі келісім-шартқа қосымша келісіммен рәсімделеді.

Институттың ішкі гранттары жоғары және жоо кейінгі білім беру бағдарламасы бойынша теориялық оқу курсын игеруді қамтамасыз етеді. Тәжірибе жұмыстарына, іс-сапарларға, әртүрлі байқауларқа қатысуға және т.б. байланысты стипендиялар, шығындар білім алушыларға төленбейді.

7.6 Институттың ішкі гранттарын, жеңілдіктерін және әлеуметтік көмек көрсетуді алуға басым құқықты анықтайтын өлшемдер

Институттың ішкі грантын, жеңілдіктерін және әлеуметтік көмек көрсетуді алуға басым құқықты анықтайтын өлшемдер комиссиямен өңделеді және ректордың бұйрығымен бекітіледі.

Білім алушы институттың ішкі тәртібін бұзған кезде, GPA төмен болу себебінен курсты қайта оқу, академиялық қарызы болған жағдайда, институттың ішкі грантынан, жеңілдіктерінен және әлеуметтік көмек көрсетуден айырылады.

7.7 Үміткердің әлеуметтік мәртебесін дәлелдейтін құжаттар

Институттың ішкі грантының, жеңілдіктердің және әлеуметтік көмек көрсетудің үміткерлері заңды Ереженің 7.1 т. белгіленген тиісті мерзімдерге сәйкес өтініштерімен бірге төменде көрсетілген құжаттарды тапсырады:

1.Балалар үйінің түлектері (растайтын анықтамасы).

2.Ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар, сонымен қатар патронат балалар (ата-анасының қайтыс болуы туралы куәлігі немесе ата-аналық құқықтардан айыру туралы анықтамасы).

3.Студенттер – мүгедек балалар (мүгедек туралы анықтамасы)

4.Студенттер – ардагерлердің және Ауғанстан соғысына қатысқандардың балалары (соғыс ардагерінің куәлігі).

5.Студенттер – оралмандар (растайтын құжаты).

6.Ғылым, білім, өнер және спорт салаларында табыстары бар студенттер (дипломдары, мақтау қағаздары, сертификаттар және т.б.).

7. Комиссияға үміткердің мәртебесін дәлелдейтін қосымша құжаттарды сұратуға құқығы бар.

7.8 Осы Ережеге толықтырулар мен өзгертулерді енгізу

Осы Ережеге енгізілетін толықтырулар мен өзгертулер Ғылым кеңесінің шешімімен қабылданады.

Ғылым кеңесімен енгізілген өзгертулер мен толықтырулар осы Ереженің ажырамас бөлігі болып есептеледі.

8   АКАДЕМИК Қ. СӘТБАЕВ АТ. ЕИТИ СТУДЕНТТЕРІНІҢ ҚҰҚЫҒЫ МЕН МІНДЕТТЕРІ

Студент кұқылы:

1.Қоғамдық ұйымдар арқылы институт пен студенттер өмірінің маңызды мәселелерін шешуге;

2.Институт жарғысымен белгіленген кітапхана жабдықтарымен, оқу, ғылыми және басқа да бөлімшелерді тегін пайдалануға;

3.Институтта оқылатын кез келген курстарды, ректорат және басқа жоо ректораттары арасында келісім бойынша оқуға;

4.Диплом қосымшалары мен академиялық анықтамаларға өздері қосымша окыған пәндердің көлемі мен бағасын енгізуді, ал білікті жұмысшы мен маманның толық бағдарламасын меңгергендерге тиісті біліктілігін беруді талап етуге;

5.Институт жарғысымен және тиісті ережелерге сәйкес ғылыми-зерттеу жұмыстарына және қызметтің басқа да түрлеріне белсене қатысуға;

6.Ғылыми-техникалық, баспа қызметіндегі мәселелерді шешуде ғылыми-техникалық, шығармашылық орталықтар, басқа ұйымдар жұмысына белсене қатысуға;

7.Әр пәннің оқу бағдарламасында қарастырылған барлық талаптарды орындағанда емтихандар мен сынақтарды алдын ала тапсыруға;

8.Тиісті ережеге сәйкес институт студенттеріне оқудағы және ғылыми-зерттеу жұмыстарына белсене қатысқаны үшін түрлі рухани және мүліктік ынталандырулар тағайындалады;

9.Кәсіптендіру кафедралардың ұсынысы бойынша үлгеремі жақсы студенттер деканат арқылы сабаққа еркін қатысу құқығымен жеке оқу кестесіне көше алады.

Студент міндетгі:

1.Барлық курстарда оқу жұмыс жоспарларына сәйкес өткізілетін барлық сабақ түрлеріне қатысуға;

2.Таңдаған мамандығы бойынша терең теориялық білім алуға, тәжірибелік дағдылар мен қазіргі зерттеу әдістеріне ие болуға;

3.Оқу жоспарлары мен бағдарламаларына сәйкес қарастырылған барлық тапсырмаларды белгіленген уақытта орындауға;

4.Жалпы мәдени, адамгершілік және дене жетілдіруді арттыруға үнемі ұмтылуға;

5.Оқу корпустары мен жатақханаларда ішкі тәртіп ережесін сақтауға, сабақты себепсіз қалдырмаға, жиһаз және басқа да мүліктерді бұзбауға, басқа да міндеттерді орындамау тәртіптік шара қолдануға, тіпті институттан шығарып жіберуге дейін барады.

9 ӨЗІН- ӨЗІ ҚАЛАЙ ҰСТАУ КЕРЕК

Оқу корпусына кірген кезде:

1.Өзіңді ретке келтіріп, бас киіміңді шеш.

2.Мүмкіндік болса, сыртқы киіміңді полиэтлендік пакетке сал.

3.Студенттік билетіңді үнемі көрсетіп жүр. Сабақтан калма!

4.Корпуста бас киіммен жүрме.

5.Институттың мүлкіне ұкыптылықпен қара.

6.Жоо студенттеріне әжетханалардың қабырғасы мен төбелеріне жазу салған лайық па?

7.Кез келген бөтен адам ойлар еді: «Институттың парталарын жазған адамның есі дұрыс емес, студенттердің былай істеуі мүмкін емес».

8.Өзіңе сұрақ қой: «Парталардың болттарын бұрап, оны аудиторияға шашудың керегі не?».

9.Құрметті студенттер, институт жыл сайын парталарды 1 млн. теңгеге бояйды, ал бұл ақшаға 80 компьютер алуға болушы еді. Басқа адамдардың еңбегін бағала. Егерде сенің сызбаңды біреу фломастермен шимақтап тастаса, сен қандай күйде болар едің? Темекі шекпе, қоқысты тастама!

10.Кезекші оқытушылар мен студенттерді тыңда. Олар сені қорғайды.

11.Кезекшілерді тыңдамағандар жазалануы мүмкін.

12.Киіміңді қараусыз қалдырма.

13.Сенің нағыз досың болса, оны жаман әдеттерден тоқтат.

14.Институтқа ішімдік ішіп келуге болмайды, оқудан шығарып тастауы мүмкін.

15.Боқауыз сөздер айтпа! Сырттан естігенде қандай дөрекі естіледі.

16.Үлкендер меи әйел адамдарды сыйла!

17.Ата-анаңды құрметте! Өз ата-анаңа не көрсетсең, балаңнан соны көрерсін.

18.Дөрекілікке дөрекілікпен жауап берме. Сондағы сенің иттен айрмашылығың не?

19.Ұсак-түйекке бола ешкіммен ұрыспа, өмір ол үшін берілген жоқ.

20.Сен әлі жассың, зияңды әдеттеріңді тастауға тырыс.

21.Нашақорлық-зұлымдық. Бұл саған түсінікті болар.

22.Есте сакта, әр күнгі 100 грамм - ішімдікке салынудың тура жолы.

23.Академик Павловтың сөзін есіңе түсір «...Егер де темекі тартатын кісі өзінің өкпесін көрсе, шошынғаннан өліп қалушы еді». Қоғамдық жерлерде темекі тартуға тыйым салынған!

24.Далада қауіпсіздіктің карапайым нормаларын сақта, әйтпесе өмір бойы өкінуін мүмкін.

25.Институт аймағы мен қала көшелерін тазарту бойынша қоғамдық жұмыстарқа қатыс. Ол сенің институт жарғысы бойынша міндетің. Қоғамдық жұмыстарға жылына 100 000 американдық доллар төлейтін Гарвард университетінің студенттері де қатысады.

26.Сіздің мақсатыңыз диплом алу емес, білім алу болуы тиіс. Нарықтық экономикада білімсіз диплом иеігерлері - базардағы жүк тасушылар. Жұмыс туралы хабарландыруларда көбінесе «Білімділерге жұмыс» деген сипаттағы хабарландырулар өте көп кездеседі.

ІЗГІ ТІЛЕК

 

 

Құрметті студент! ЕИТИ алған білімің саған болашақ жұмысын мен мансабыңда көп көмегін тигізетіні анық. Дегенмен, сен де өз Alma-mater бейнеңді жоғары ұста! Уақытыңды зая кетірмей, білім ал. Жоғары білікті маман болу үшін саған көп және белсенді түрде институттың ғылыми және қоғамдық жұмыстарына қатысуын керек. Бұл күрделі, бірақ өте кызықты жол болмақ!