Ekibastuz, 54А Energetikov St. eitiekb@mail.ru
Академик Қ.Сәтбаев Атындағы Екібастұз инженерлік-техниқалық институты
Ekibastuz technical and engineering institute named after the academician K.Satpayev
Жалпы ақпарат
 «Академик Қ.И. Сәтбаев атындағы Екібастұздық инженерлік-техникалық институты» оқу орны (одан әрі академик Қ. Сәтбаев ат. ЕИТИ) Қазақстан Республикасының жоғары кәсіптік білім беру субъектісі болып келеді және облыстық әділет департаментінде тіргкелген Жарлықтың, Әділет Департаментімен берілген, И№0456499, № 798-1945-16-У-е заңды тұлғаны мемлекеттік қайта тіркеу куәлігінің негізінде әрекет жасайды.
2016 жылы 4 шілдеде білім беру сапасын қамтамасыз ету бойынша тәуелсіз қазақстандық агенттігінің аккредиттеу кеңесінің отырысында (IQAA)шешім қабылданды:
1 Академик Қ. Сәтбаев ат. ЕИТИ 5 жыл мерзімімен аккредиттелсін;
2 Академик Қ. Сәтбаев ат. ЕИТИ білім беру бағдарламалары аккредиттелсін:
5В070700 Тау-кен ісі;
5В071300 Көлік, көлік техникасы және технологиясы;
5В071700 Жылу техникасы;
5В071800 Электр энергетикасы;
5В072400 Технологиялық машиналар және жабдық (салалар бойынша);
5В070900 Металлургия;
5В070200 Автоматтандыру және жүргізу;
5В070300 Ақпараттық жүйелер;
5В090100 Тасымалдауды, қозғалысты ұйымдастыружәнекөлікті пайдалану;
5В072900 Құрылыс;
5В050600 Экономика;
5В050700 Менеджмент;
   Академик Қ. Сәтбаев ат. ЕИТИ 150 мыңға жуық тұрғыны бар, ел аймағының жалғыз Екібастұздық отын-энергетикалық жоғары оқу орны болып келеді. Бұл жерде Екібастұздық отын-энергетикалық кешеннің (одан әрі ЕОЭК) және Қазақстан Республикасының кәсіпорындары үшін жоғары білікті мамандарды даярлау, ғылыми зерттеулерді зерттеуді орындау және олардың негізінде жоғары білікті кадрларды даярлау мақсатты түрде қамтамасыз етіледі.
 Техникалық кәсіптік білім беру негізінде мектеп түлектері үшін жоғары кәсіптік білім алуға мүмкіндіктері бар. Оқу мерзімі 4 жыл.
 Техникалық кәсіптік білім беру негізінде жоо түлектері екінші жоғары кәсіптік білім ала алады: оқу мерзімі 2 жыл.
 Колледж түлектері үшін жылдам оқу түрі бойынша жоғары кәсіптік білім алуға мүмкіндіктері бар. Оқу мерзімі 3 жыл.
 Құрылған жылдардан бастап институт қабырғаларынан Президенттің Әкімшілігінде, әкімдіктерде табысты жұмыс істейтін, ірі кәсіпорындарда басшылық ететін, елімізде, сондай-ақ шетелде атақты ғалымдар, саясаткерлер болып атанған 6 мың мамандар шықты.

33 spec

1Слайд